26
ақпан
2026
Алғыс күні
Балабақшада 1 наурыз – Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілердің қатысуымен әсем концерттік бағдарлама ұсынылды. Балалар жүрекжарды тақпақтарын айтып, ән шырқап, би билеп, ата-аналар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – балабақша ардагер ұстаздарын құрметтеу болды. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған қадірлі ұстаздарға алғыс білдіріліп, ізгі тілектер айтылды. Олардың еңбегі – бүгінгі ұрпақтың жарқын болашағының негізі екені ерекше атап өтілді.
Мерекелік бағдарлама аясында «Адал азамат» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, Аналар мектебі мен Әкелер мектебінің жұмысы көрсетіліп, отбасы құндылықтарын дәріптеудегі маңызы айтылды. Сонымен қатар, балабақшада жүргізілетін заманауи әдіс-тәсілдер бойынша шеберлік алаңдары ұйымдастырылды. Қонақтарға арт-терапия, құм терапиясы, Монтессори әдістемесі және марблс тастарымен жұмыс түрлері көрсетіліп, балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту жолдары таныстырылды.